
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Аудандық коғамдық кеңес отырысына:
қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беруші мекемелер қатысты.
Жиын қоғамдық кеңес мүшелеріне куәлік табыстау рәсімімен бастау алды.
Отырыс барысында, “Аягөз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы”, “Аягөз аудандық ветеринарлық зертханасы”, “ҚР Ауылшаруашылығы министрінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз ауданының аумақтық инспекциясы”, “Аягөз аудандық ветеринариялық қызметі” мемлекеттік мекемелерінің атқарған жұмыстары және алға қойған жоспарлары туралы баяндамалар тындалды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қоғамдағы өзекті мәселелер, санитарлық талаптарды күшейту, тазалық мәселесі сынды мәселелер көтеріліп, талқыланды.
Көтерілген сауалдарға мекеме басшыларынан тиісті жауаптар берілді.