
Шара барысында ауданның мемлекеттік қызмет саласының өркендеу жолында адал қызмет атқарып жүрген азаматтарды алғыс хаттармен марапатталды.
Ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері спорттың әр түрлерінен өзара бақ сынасып, жеңімпаздар мадақтама қағаздары және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сайысты өткізудегі мақсат– мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Барлық мемлекеттік қызметкерлерге спорттық жарыстарға қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!