
Аудан әкімі С.Ысқақов және қала әкімі М. Мырзыкешовпен бірге тұрғындардың әлеуметтік желідегі сұранысы бойынша Алтынсарин көшесі 21, 40, 44 көпқабатты үй және Шакенов көшесінің тұрғындарымен кездесті. Алтынсарин көшесінің тұрғындары абаттандыру, арық, суағар мәселелерін айтып өтсе,
Шакенов көшесінің тұрғындары су тартылған жерлерді тегістеп беру мәселесін көтерді. Тұрғындар сұранысы басшылыққа алынып, алдағы уақытта Шакенов көшесінде су тартылған аумақтарды тегістеу жұмыстары жүргізілетін болады.