Аттестат тапсыру мерекесі

Аттестат  тапсыру  мерекесі

Бүгін 11 сынып оқушылары мектеппен  қоштасады. Аягөз  ауданының  білім  мекемелерінен 762 оқушы  жаңа  өмірге  қадам  басқалы  отыр. Түлектерге  аттестат тапсыру  мерекесі  өткізілді.Түлектердің  76-сы  Алтын белгіге, 77-і  Үздік  аттестатқа  ие  болды. Аудан  оқушылары өздерінің алдарына  қойған  мақсаттарына  жететініне  ұстаздар  қауымы  сенімді.Себебі, мектеп  табалдырығын  аттаған  күннен  бастап, білім  деген  мухитқа аттандырып,  кемелерге  отырғызып, білім нұрымен сусындатты.

    Алда  білім  сапасының айнасы -ҰБТ,оқуға  тусу  жоспарлары  тұр. Ол  сынақтан  да  мүдірмей  өтіп,еліміздің  түпір-түпкіріне үлкен  мамандық  иелері  болып, елімізге  қызмет  етеді  деген  сенімдеміз!

 Аягөз  ауданы  бойынша  білім бөлімінің  басшысы  Н. Азимбаев, оқу, ғылыми,ұйымдастырушылық,әдістемелік  кабинетінің  меңгерушісі Ж.Маликова мен әдіскерлері түлектерге сәт  сапар,ақ жол  тілейді. Армандарыңның  шыңына  жетіңдер,Жас  түлек!!!