
2022 жылдың 6-7 маусым аралығында Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылына», «1 Маусым Балаларды Қорғау күніне» және《Наурыз》сауда орталығының жүлдесіне арналған 7-8 класс оқушылары арасындағы спорттық туризм жарысы өтті.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев қатысушыларға сәттілік тілеп,салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегі үшін,жеке кәсіпкер Қ.Сапаковты өз атынан алғыс хатпен марапаттады.Сапаков Назар,Жәнібек қатысушыларға жарыстың ойдағыдай өтуіне тілектестіктерін білдірді.Биылғы жылы осы жарыстың жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысқан «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-ң жас өнерпаздарының өнерлері көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыстың бас төрешісі Е.Дүйсенғажыев қатысушыларға жарыстың өту тәртібімен таныстырды. Жарыс алдында аудан құрама командасының намысын Халықаралық,Республикалық,облыстық жарыстарда қорғап, бірнеше мәрте жеңімпаз,жүлдегер атанған «№ 4 жалпы біліми беретін аралас орта мектебі»КММ-ң «Оңтүстік қалашығы» командасы (Жетекшілері М.Ардашев,Е.Дүйсенғажыев) «Шеберлік сағатын өткізді. Жоғарғы арқаннан қалай өту керектігін,жіптен, бөтелкеден,банкадан қалай рюкзак жасауға болатынын,жіп байлаудың түрлерін көрсетіп,қатысушыларға шабыт берді. Құрама командаға демеушілер туризмге қажетті құрал-жабдықтар табыс етті.
Спорттық туристік кедергілер, спорттық бағдарлау, жіп байлау , алау түрлерін көрсету,аспаздар сайысы, ән-би байқауы,фотосуурет байқауы,сурет байқауы, алғашқы көмек көрсету байқауы сияқты спорттық туризм жарысы өте қызықты өтті.Жарыс басталып кетті. Осы орайда, аудан көлемінде спорттық туризмды, қыздар футболын қарқынды дамытып жүрген Қ.Сапаков туралы деректерді айта кетсек...
Сапақов Қыдырбек Серікұлы 1965 жылы 17 тамызда Семей облысы Аягөз қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Аяқталғаннан кейін ОМ 1982ж. Түсті авиатехникум азаматтық авиация. 1984 жылдан 1986 жылға дейін Аягөз қаласы әуежайының авиатехнигі болып жұмыс істеді. 1986-1987 жылдары Аягөз ШПФ токарь болып жұмыс істеді. 1987 жылы тері-мех техникумының сырттай бөліміне тауартанушы мамандығына оқуға түсті. 1987 жылдан Аягөз аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы, экспедитор , сатушы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап жұбайы Розамен кәсіпкерлік қызметпен айналысты. "Наурыз" дүкені, "Ақерке" асханасы, құрылыс материалдары дүкені ашылды. 2017 жылы жаңа "Наурыз сауда Отырар"дүкені салынды және ашылды. 10% - дан аспайтын үстеме бағасы бар тауарларды сата отырып, азық-түлік, жемшөп және басқаларды сатады, ауданның экономикалық тұрақтылығына өз үлестерін қосуда. Мүгедектерге және басқа да мұқтаж әлеуметтік топтарға үнемі көмек көрсетеді. Әр түрлі спорттық жарыстарға баратын спортшыларға көмек көрсетеді. Жыл сайын өз есебінен аудан мектептері арасында спорттық туризм және жоғары сынып қыздары арасында футбол бойынша дәстүрлі жарыс өткізеді. Бірнеше рет қала, аудан әкімдерінің және облыстық спорт комитетінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!
Жарысқа оралсақ:
Биылғы жылы жарыс ережесіне өзгерістер енгізіліп, облыстық жарыстардағы өткізілетін түрлерінен тұратын болды.Туристік кедергілерден өту, спорттық бағдарлау, жіп байлау сияқты түрлерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Қалған түрлері оқушылардың туризмға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіліп, «Ең үздік өнер көрсеткен» командалар мақтау қағаздармен,бағылы сыйлықтармен, «Үздік өнер көрсеткен» деген марапатт қағаздарымен марапатталды.
Негізі туристік кедергілерден өту, спорттық бағдарлау, жіп байлау сияқты түрлері бойынша жақсы дайындықпен келген «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясы» КММ-ң командасы І орынды иеленсе, ІІ орынды бірнеше рет жеңімпаз болған,жүлдегерлер қатарына түспейтін «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-ң команадсы иеленсе,ІІІ орынды «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін орта № 6 мектебі» КММ- ң командасы иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, демеуші Қ.Сапаковтың отбасының кубоктарымен, мақтау қағаздарымен,медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.