4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

2022 жылдың 4 маусымында Аягөз қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Рәміздер туралы жыр аясында сахнаға Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы әкелінді. Мәдениет үйінің әншілері мен мерекеге жиналған барша қатысушылардың орындауында Ән ұран шырқалды. Іс-шараға жиналған қауымды мерекемен Аягөз ауданының әкімі Ысқақов Сейілбек Әбиурұлы құттықтады. Мерекелік концерт кезінде Қазақстан Республикасының тулары ілінген автокөліктер колоннасы алаңнан өтті.