«Біз Қазақстан балаларымыз!» атты байқау

«Біз Қазақстан балаларымыз!» атты байқау

Орталық алаңда аудандық білім бөлімнің ұйымдастыруымен «1 Маусым Балаларды қорғау»күніне арналған  1-4 класс оқушылары арасында «Біз Қазақстан балаларымыз!» атты асфальтта,құмда (арт-терапия),дәстүрлі сурет салу байқаулары өткізілді.Байқауға 7 мектептердің оқушылары қатысты. «Қозы Көрпеш - Баян  Сулу» мәдениет үйінің  дәлізінде «Өнер» мектебінің,білім мекемелерінің,аудандық  музейдің қыл  қалам, қолөнер шеберлерінің жұмыстары  қойылып, көрермендерді  тәнті  етті.Барлық қатысқан жас суретшілер шеберліктерін көрсете білді.

   Аудан әкімі С.Ысқақов,Аягөз  ауданы  бойынша  білім  бөлімінің басшысы  Н.Азимбаев байқау барысын аралап,  оқушылардың  шығармашылық ізденістеріне қызығушылықпен қарады.

   Байқау барысында жас бүлдіршендерге аудан әкімі С.Ысқақов балмұздақтар  тарту етті.

Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер  білім  бөлімінің  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.