
2022 жылғы 25 мамыр күні сағат 9.00-де Аягөз аудандық әкімшіліктің үлкен залында республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқыту семинары болып өтті. Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы филиалының арнайы тренерлері оқытудың белсенді формаларын, кейстік технологияларды және іскерлік ойындарды қолдана отырып өткізді.
Семинар-кеңеске Аягөз ауданының учаскелік референдум комиссияларының төраға орынбасарлары, аумақтық референдум комиссияларының мүшелері қатысты.