
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар зобалаңы» атты дәріс ұйымдастырылды. Дәріске Аягөз қаласының политехникалық колледжінің 1-курс студенттері қатысты. Қатысушыларға бір минуттық үнсіздікпен басталған шарада ел басына қара бұлт боп төнген сол бір қайғылы жылдардың ауыр зардаптары туралы кеңінен баяндалды. Арнайы бейнефильмдер көрсетіліп, тағылымдық әңгімелер айтылды. Дәріс соңында студенттерге музей бөлімдеріне экскурсия жүргізілді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филилалы