"Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу" такырыбында музыка, көркем еңбек және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің облыстық семинары

"Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу" такырыбында музыка, көркем еңбек және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің облыстық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс" өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың  21 мамыр күні "Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу" такырыбында музыка, көркем еңбек және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің облыстық семинары өтті.

  Семинардың мақсаты - республикалық музыка, көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің съезіндегі жаңалықтармен бөлісу, практика мұғалімдерімен талқылау, тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог әлеуетін арттыру. 

  Аталған семинарға ауданымыздан  ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің "Д.Бабатайұлы  атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Ә.Омаров қатысып, "Мектепте көркем еңбек пәнін оқытудағы жаңа бетбұрыстар және өзекті мәселелер" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.