Хабарландыру

Хабарландыру

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Аягөз ауданының кәсіпкерлерінің назарына!

2022 жылдың 01-15 маусым аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.

Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері:Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горького көшесі, 40;

Өтінімдерді қабылдау мәні:Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.

Пошталық мекен-жайы:Қазақстан Республикасы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горького көшесі, 40;

Байланыс телефоны:8 (7232) 71-32-52;

Электрондық пошта мекен-жайы:241883@mail.ru;

Өтінім беру орны: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» ММ, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горького көшесі 40, 3 қабат, 316А каб;

Өтінім беру мерзімі:2022 жылдың «01» маусымынан 2022 жылдың «15» маусымына дейін.

Өтінім берудің басталу күні:2022 ж.«01» маусым.

Өтінім берудің аяқталу күні:2022 ж.«15» маусым.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.

Конкурстық құжаттамамен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000773/history.

Егер осы мәселе бойынша сұрақтарыңыз болса, Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуға болады.

Аягөз қаласы, Х. Дүйсенов көшесі, 47;

Байланыс телефоны: 8 (72237) 3-10-66.