«Балалар жылына» арналған аудандық шахмат жарысы

«Балалар жылына» арналған аудандық шахмат жарысы

2022 жылдың 14-15 мамыр аралығында аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, Аягөз  ауданы  бойынша білім  бөлімінің ұйымдастыруларымен жасөспірімдер арасында «Балалар жылына»  арналған аудандық жекелей шахмат жарысы «№ 9 бастауыш» КММ-де өткізілді.

Жиыны 8 жасқа  дейін,10 жасқа  дейін,12 жасқа  дейін,14 жасқа  дейін, 14 жастан жоғарғы 60 –қа  жуық жас  шахматышлар  қатысқан дүбірлі  жарыс  болды. №9 бастауыш, № 1,№ 6,мектеп- гимназия,мектеп-лицей,К.Бозтаев  атындағы гимназия,Ақши,Айғыз,О.Менаяқұлы атындағы  орта  мектебінің оқушылары осы  жарыста жақсы  ойын көрсете  білді.

Барлық жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен,мақтау  қағаздарымен марапатталды.