
"Балалар жылы" аясында "15 мамыр - Халыкаралық отбасы күні" мерекесі қарсаңында "Үздік оқырман отбасы» атты облыстық сайысының аудандық кезеңі ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өткізілді.
Сайысқа он тоғыз мектеп қатысып, 25 бейнебаян ұсынылды.
Сайыстың мақсаты:
-Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру; Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту;
-Отбасылық тәрбие құндылықтарын ескере отырып, оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізуі мен олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру;
- Болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді -білікті ұрпақ тәрбиелеуде ата- ана және мектеп болып ат салысу;
Сайыстың өту нәтежиесінде, «Отбасың- кітап даналығы нығайтады» дегендей ғаламтор мен жаңа технологияның дамыған уақытында оқырманды кітап оқуға тарту – отбасы қызығушылығын ояту еді. Сайыс -осы мүдеден шыға білді. Айтарлықтай жаңалықтың бірі оқырман отбасылар саны жыл аралап артып келе жатқаны, яғни кітап оқудың рухани жан дүниені өзгертіп, көкірек көзін ашатынында, Шығыс ойшылы Әлішер Науаи айтқандай «Кітап ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» екенінде. Отбасылық сайыс екі топқа бөлінді 1-4 сынып және 5-7 сынып аралығында.
Барлық қатысушыларға жүлделі орындар мен номинациялар берілді.
Бас жүлде алған 1-4 сынып аралығында "Қалалық қазақ мектеп лицейі" КММ-нен Қабылқадыровтар отбасы, 5-7 сынып аралығында Е.Рахмадиев атындағы ЖББОМ Абдрахмановтар отбасы облыстық кезеңге сайысқа түсті.
Облыстық кезеңнің нәтижесінде "Қалалық қазақ мектеп лицейі" оқушысы Қабылқадырова Інжу ІІІ орынға ие болды.
Сайысқа қатысқан барлық отбасыларға алғыс білдіреміз. Бала тәрбиесі отбасынан басталады.