
2022 жылдың 15-16 мамыр аралығында жасөспірімдер арасында бүкіл әлемдік туризм күніне арналған спорттық бағдарлаудан Шығыс Қазақстан облысының ашық Чемпионаты өтті.
Осы жолы ауданымыздың намысын № 4 жалпы білім беретін аралас орта мектебі»КММ- ң «Оңтүстік қалашығы» командасының оқушылары өнер көрсетті.
Жарыс 2 кезеңнен тұрды.
1 күні 3000 метрді құрайтын 12 бақылау пунктінен;
2 күні 3800 метрді құрайтын 14 бақылау пунктінен өтті.
Ауа- райы қолайсыз болғанына қарамастан, жас туристеріміз үздіктер қатарынан көрініп, 3 оқушымыз облыс жеңімпаздары атанды.
1.Марат Бағдаулет- І орын (8жас)
2.Қайратқызы Ельназ - І орын (10 жас)
3. Бағдат Мухамет - І орын (12 жас) арасында облыс жеңімпазы атанды.
Осы көрсеткіш те үлкен жетістік!
Ұстаздары «4 жалпы білім беретін аралас орта мектебі» КММ -нің спорт туризм нұсқаушысы Ардашев Мақсат және «Жас техниктер станциясы»КММ-ң спорт туризм нұсқаушысы Дүйсенғажыев Ерасыл болашақта да облыстық, республикалық жарыстарда биіктерден көрінеді деген сенімдеміз! Жүлдегерлер облыстық спорт туризм федерациясының мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Құттықтаймыз,жас туристер!!!