
2022 жылдың 13 мамыр күні Аягөз аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімі,балалар-жасөспірімедер спорт мектебі,Аягөз ауданы бойыша білім бөлімінің ұйымдастыруларымен 2007-2008 ж.т ұлдар арасында ұлағатты ұстаз,спорт ардагері Н.Шалов атындағы шағын футбол жарысының ақтық ойындары Қарағаш ауылында өтті. Жарысты өткізуде ауыл әкімі М.Байжуманов, мектеп директоры Ә.Балтабеков ат салысты.
Жарыстың мақсаты: Аудан көлемінде салауатты өмір салтын насихаттау; Аудан көлеміндегі тұлғаларды дәріптеу;Оқушылар арасында достықты нығайту;
Жарысқа шашуларын арқалап,Нурланның жолдастары,әріптестері келіп, жарыстың ашылуымен құттықтады. Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев,ардагер спортшылар атынан Б.Қусайынов, және осы жарыс иелерінің атынан Кулян Кемелбекқызы ізгі тілектерін білдірді.Жарыстың төрешісі Н.Биғалиев жарыстың өту тәртібімен таныстырып, ақтық ойындарға аудандық- аймақтық іріктеу жарысынан мүдірмей өтіп,өз аймақтырының жеңімпаздары атанып келген командаларға сәттілік тіледі.Жиыны 35 орта мектебінің командалары 6 аймақта өз өнерлерін көрсеткен болатын.Жиыны 300- ден астам оқушылар қатысқан дүбірлі дода болды.Мектеп оқушылары әдеби монтаж,ән орындады. ардагер ұстаз Роза Романқызы шашу шашты. Ашылу салтанатынан кейін қатым түсірілді.
Нурлан Мейірбекұлы еңбек жолын Ж.Жабаев атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастады. Өзінің жұмысқа деген ынтасының арқасында лауазымдық қызметтерде жұмысын жалғастырды,аудандық білім бөлімінің басшысы,аудандық дене шынықтыру дәне спорт бөлімінің басшысы, Қарағаш ауылдық окуругінің әкімі, өмірінің соңында Ақши ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.Сол кезде бой көтерген Ақши орта мектебінің салынуына еңбегі орасан зор болды.Волейбол,футбол,үстел теннисі сияқты спорт түрлерін өзі де жақсы меңгерен болатын.
Жарысқа келетін болсақ, командалар 3 топқа бөлінді. Жарыс жоғарғы дәрежеде өтті.Әр аймақтың мықтылары өз ара күш сынасты. Дегенмен, мықтылар анықталды. Ақтық ойындарға №7 орта мектебінің, С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің және алаң иелері Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің командалары шығып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыс қорытындысына келетін болсақ: І орынды №7 орта мектебінің командасы,ІІ орынды Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы иеленді. Төрешілер шешімімен《Үздік қақпашысы》- Д.Нұрзатұлы (Ж.Жабаев ат.ом), 《Үздік шабуылшы》-Д.Нурмухаметұлы (С.Ғаббасов ат ом);
《Үздік қорғаушы》-С.Валиев(№7 ом);
《Ең үздік ойыншы》-М.Ерзатұлы(№7 ом) болып шешілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және үздік ойыншылар жарыстың демеушілері-Н.Шалов әуелетінің көмегімен алынған кубоктармен, медальдармен,бағалы сыйлықтарымен,аудан әкімінің орынбасары Н.Кобжасаровтың мақтау қағаздарымен марапатталды.Жарыстың жоғарыда өтуіне ат салысқан ұстаздар,жаттығушылар спорт ардагерлері атынан бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ардагерлер алқасының төрағасы А.Жумағазин өз атынан № 8 Ақтоғай командасын жақсы ойын көрсеткендері үшін мақтау қағазбен және ойыншы Б.Рысбековты арнайы кубокпен, Ақши орта мектебі командасының жаттықтырушысы Н.Нурғожинды команданы жақсы дайындағаны үшін деген марапат қағаздармен марапаттады.