«Балалар жылына» арналған оқушылар арасындағы аудандық жеңіл атлетика жарысы

«Балалар  жылына» арналған оқушылар арасындағы  аудандық жеңіл атлетика жарысы

2022  жылдың 11-12 мамыр аралығында аудандық мәдениет,тілдерді  дамыту,дене  шынықтыру және  спорт бөлімі,балалар-жасөсапірімдер  спорт  мектебі және  Аягөз  ауданы  бойынша білім  бөлімінің ұйымдастыруларымен орталық  стадионда  және  «К.Бозтаев  атындағы қазақ  мектеп  гимназиясы»КММ-ң  спорт  алаңында «Балалар жылына»  арналған жеңіл  атлетикадан  жарыс  өткізілді.Жарысқа  ауданымыздың  15 білім  мекемелерінің  150 -ден астам оқушылары  қатысты.

Жарыстың  бағдарламасы төмендегідей  болды:

Ұлдар :   100 м,200 м,800 м, 3000 м, ұзындыққа жүгіріп келіп  секіру,

Қыздар : 100 м,200 м,400 м 1500 м,ұзындыққа жүгіріп келіп  секіру,

Аралас эстафеталық жүгіріс 4х100(2 ұл,2 қыз)

1 қатысушы 2 спорттың  түріне және эстафеталық жүгіріске  қатыса  алады.

Команда құрамы 5 ұл,5 қыз.

Тамаша  ауа – райы да,  жарыстың  жақсы  өтуіне  себін  тигізді. Жарыс  жолына жас  спортшылар  шығып,  жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.Бас  төреші Қ.Қайынбаев бастаған  төрешілер  алқасы жарыстың  жоғарғы  дәрежеде  өтуіне  ат  салысты.

Жүлдегерлер  мен  жеңімпаздарға  келетін  болсақ:

Ұзындыққа секіру: Ұлдар:
І орын – Т.Құсманов (Д.Бабатайұлы атындағы  ЖББОМ);
ІІ орын – Е.Бекен  (Көпбейінді  қазақ  мектеп  гимназиясы);
ІІІ орын- Т.Мақсұтов  (Д.Бабатайұлы атындағы  ЖББОМ);

Қыздар:
І орын- А.Бауыржанқызы  (С. Ғаббасов атындағы  ЖББОМ);
ІІ орын- К.Нұрсұлтанова  (№4 ЖББаралас ОМ);
ІІІ орын- Г.Салимова (Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі);

100 метрге жүгіру:Ұлдар:
І орын- М.Аленов (Сарыарқа  ЖББОМ);
ІІ орын- Е.Орынбасаров (Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі);
ІІІ орын- Д.Нұрзатұлы  (Ж.Жабаев атындағы  ЖББОМ);

Қыздар:
І орын- А.Рахимсағатова (Д.Бабатайұлы атындағы  ЖББОМ);
ІІ орын- Е.Асқарханова ( №3 ЖББаралас  ОМ);
ІІІ орын- Н.Ермұхаметова (Көпбейінді  қазақ  мектеп гимназиясы);

3000 метрге жүгіру:Ұлдар:
І орын- Ә.Жақсылықов ( №3 ЖББаралас  ОМ);
ІІ орын-Н. Мукушев  (Тарбағатай ЖББОМ);
ІІІ орын- Е.Марат (Көпбейінді  қазақ  мектеп гимназиясы);

1500 метрге жүгіру
Қыздар:
І орын- Н.Дюсембаева (№1 ЖББОМ);
ІІ орын- А.Серікқызы (Ақши ЖББОМ);
ІІІ орын- Г.Курмаева  (№5 ЖББОМ);

400 метрге жүгіру
Қыздар:
І орын- А.Нұрзат (№10 қазақ  мектеп  гимназиясы);
ІІ орын- Е.Тускунова (Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі);
ІІІ орын- М.Ермекова (Көпбейінді  қазақ  мектеп гимназиясы);

800 метрге жүгіру:Ұлдар:
І орын- Е.Марат (Көпбейінді  қазақ  мектеп гимназиясы);
ІІ орын- Н.Мамаев  (№5 ЖББОМ);
ІІІ орын- А.Самикенов  (С. Ғаббасов атындағы  ЖББОМ);

200 метрге жүгіру:
Ұлдар:
І орын-М. Аленов М. (Сарыарқа  ЖББОМ);
ІІ орын- Е.Орынбасаров (Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі);
ІІІ орын- Н.Бердимбаев (№1 ЖББОМ);

Қыздар:
І орын- А.Рахимсағатова (Д.Бабатайұлы  атындағы  ЖББОМ);
ІІ орын- Г.Абутова  (Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі);
ІІІ орын- Е.Асқарханова (№3 ЖББаралас ОМ);

Аралас эстафеталық жүгіріс 4х100 метр:
І орын- Д. Бабатайұлы  атындағы ЖББОМ;
ІІ орын- С. Ғаббасов атындағы  ЖББОМ;
ІІІ орын- №1 ЖББОМ;

 Командалық жалпыесептік көрсеткіш  бойынша І орынды  Д. Бабатайұлы атындағы орта  мектебінің командасы,ІІ орынды Сарыарқа  орта  мектебінің  командасы,ІІІ  орынды көпбейінді  қазақ  мектеп гимназиясының  командасы  иеленді.
    Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және  спорт бөлімінің мақтау  қағаздарымен,медальдарымен,кубоктарымен  марапатталды.