ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне, ҰОС Жеңісінің 77 жылдығына арналған «Жас сарбаздар» сыныптары арасындағы шағын футбол жарысы

ҚР  Қарулы Күштерінің 30 жылдығына, 7 мамыр Отан  қорғаушылар  күніне, ҰОС Жеңісінің 77 жылдығына арналған «Жас  сарбаздар» сыныптары  арасындағы шағын  футбол  жарысы

2022 жылдың 29 сәуір  күні «Бәйтерек»  саябағындағы көпфункционалды жасанды жабдықталған жасыл  алаңында Аягөз  гарнизонының,қорғаныстар  істері  жөніндегі  біріктірілген бөлімінің, Аягөз  ауданы  бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруларымен ҚР  Қарулы Күштерінің 30 жылдығына, 7 мамыр Отан  қорғаушылар  күніне, ҰОС Жеңісінің 77 жылдығына арналған «Жас  сарбаздар» сыныптары  арасындағы шағын  футбол  жарысы өткізілді. Жарысқа «Мектеп  жанындағы интернаты  бар жалпы  білім  беретін орта № 6 мектебі» КММ-ң, «№ 3 жалпы  білім  беретін аралас орта  мектебі» КММ-ң, «№ 4 жалпы  білім  беретін аралас орта  мектебі» КММ-ң «Жас сарбаз» сыныптарынан  құралған командалар  қатысты.Әр  мектептен  екі командадан жарысқа  қатысып,жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.

 Жарыстың  төрешілері А.Омарбеков,С.Тауырбеков,С.Омарханов әділ төрешілік  етіп,жүлделі  орындарды  анықтады. Барлық  ойындарда  жеңіске  жеткен «№ 4 жалпы  білім  беретін аралас орта  мектебі» КММ-ң командасы  І орынды,ІІ  орынды «Мектеп  жанындағы интернаты  бар жалпы  білім  беретін орта № 6 мектебі» КММ-ң  командасы, ІІІ  орынды  «№ 3 жалпы  білім  беретін аралас орта  мектебі» КММ-ң командасы иеленді.

Жарыстың үздік  ойыншылар төрешілердің  шешімімен төмендегідей  болды:

«Ең үздік  ойыншысы»-Данияр Қыдыров(№6 ом);

 «Үздік  қорғаушы»- Ерзат Асқаров («№3 ом);

 «Үздік қақпашы»- Нурасыл  Тенлік(№ 4 ом);

 «Үздік  шабуылшы» -Әділ  Айдосов  (№4 ом);

Барлық жүлдегерлер мен  жеңімпаздар, үздік  ойыншылар Аягөз гарнизоны бастығының кубоктарымен, медальдарымен, қорғаныстар  істері  жөніндегі  біріктірілген  бөлімінің мақтау  қағаздарымен марапатталды. Аягөз  гарнизоны бастығының міндетін  уақытша  атқарушы подполковник А.Курманов жас  сарбаздарға ақ  тілегін  айтып,жеңімпаздар  мен  жүлдегерлерді  марапаттады.