«Үздік педагог» атты математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне арналған байқау

«Үздік педагог» атты математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне арналған байқау

2022 жылдың 26 сәуір  күні  «Дулат Бабатайұлы атындағы ЖОББМ» КММ-де «Математика пәнінің үздік мұғалімі» атты математика  пәні  мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне арналған сайыстың аудандық кезеңі өткізілді.
Білім беру жүйесі педагогтарының кәсіби шеберліктерін анықтау мақсатында  өткізілген  байқауды Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі өткізді.
Байқауға барлық типті жалпы білім беретін мектептердің еңбек өтілі 5 жылдан кем емес педагог қызметкерлері (пән мұғалімдері) қатысты.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері

Аудандық сайысы  мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру, білім берудегі инновацияларды дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында өткізіледі.
Сайыстың міндеттері:
- педагогтардың өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне жағдай жасау;
- дарынды педагогтарды айқындау және қолдау;
- білім жүйесінде инновациялық педагогикалық тәжірибелерді айқындау және тарату;

Аудандық  сайыс төмендегідей  кезеңдерден  тұрды.

      І кезең. Сырттай іріктеу кезең төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
                             Пән бойынша бейнесабақ.
     ІІ кезең төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:
    «Өзіндік презентация»-(7-10 минут)
     Пән бойынша тест 25 сұрақ (пән және әдістеме бойынша), 40 минут. Мұғалімнің пән бойынша теориялық білімі мен әдістемелік шеберлігі бағаланады.
         ІV.«Мұғалімдердің мұғалімі» шеберлік класы 15-20 минут
  Барлық  сайыс түрлерінен жақсы  дайындықпен келген  «№5 ЖОББМ» КММ-сінің математика  пәні  мұғалімі С.А. Жангалиева І орын  иеленді. ІІ  орынды  «Қалалық қазақ мектеп-лицейі»КММ-сінің  математика пәні мұғалімі А.Оспанова және «Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп гимназиясы» КММ-сінің математика пән мұғалімі А.Атаханова, ІІІ  орынды «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-сінің математика пән мұғалімі Қ.Құнанбаев, К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-сінің математика пәні  мұғалімі  А.Канапьянова иеленді.  Барлық жүлдегерлер  Аягөз  ауданы  бойынша білім  бөлімінің  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.