
2022 жылдың 27 сәуір күні аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімі,балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруларымен 2007 -2008 ж.т жасөспірімдер арасында шағын футболдан ұлағатты ұстаз,спорт ардагері,қоғам қайраткері Нурлан Мейірбекұлы Шалов атындағы жарыс аймақтардағы ойындармен өз бастауын алды.Жарыс 6 аймақта өткізілді. Жиыны 35 мектептен 300 ге жуық оқушымен қамтылды. Ақтық ойындар 13 мамыр күні Нурлан Мейірбекұлының туған жері Қарағаш ауылында өткізіледі.Ақтық ойындарға осы 6 аймақтан 9 команда шығып, бақтарын сынайтын болады. Ауданымыздың білім мекемелерінің барлығынан қатысқан дүбірлі жарыс жоғарғы деңгейде өткізілді.
Жарыстың мақсаты:
- Аудан көлемінде оқушылар арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау;
- Оқушылар арасында достықты нығайту;
- Халыққа еңбегі сіңген ұстазды ұлықтау;
Барлық аймақтардығы ойындар өз мәресіне жетті. 13 мамыр күні Қарағаш ауылында өткізілетін ақтық ойындарға төмендегі командалар жолдама алды:
Ақтық ойындарда сәттілік!