«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған қыздар арасындағы шағын футбол жарысы

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  қыздар  арасындағы  шағын  футбол жарысы

201  жылдың   6 – 7 желтоқсан аралығында Мамырсу  ауылдық  округіндегі балалар –жасөспірімдер  спорт  мектебінде 2007 -2008 ж.т  қыздар  арасында шағын футболдан  «Тәуелсіздік күні» мерекесіне  арналған жарыс  өткізілді.С.  Ғаббасов  атындағы  орта  мектебінің  жас бишілерінің  тамаша  биі  қатысушыларға  жақсы  көңіл-күй  сыйлады.

Қыздар тепе – тең ойын көрсетіп,барлық ойындар тартымды  да,  қызықты  өтіп  жатты. Барлық  ойындарда  үздік  өнер  көрсетіп, І  орынды № 1 орта  мектебінің  оқушылары иеленсе, ІІ  орынды С.  Ғаббасов  атындағы  орта  мектебінің  қыздары,ІІІ  орынды  № 6 орта  мектебінің қыздары  иеленді.

Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің  мақтау  қағаздарымен, жарысқа  демеушілік  көрсеткен Е.Буланбаевтың  кубоктарымен,  бағалы  сыйлықтарымен  марапатталды.