
2019 жылдың 6 желтоқсан күні аудандық білім бөлімі, Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлесіп, № 1 орта мектебінде «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған 10 класс оқушылары арасындағы дәстүрлі әскери – спорттық жарыс өткізді. ҚР әскер қатарына жарамды азаматтарды тәрбиелеп, оқушылардың күш –қуат дайындығына көңіл бөлетін аталмыш жарыстың оқушыларға берері көп. Жарысты № 1 орта мектебінің АӘД жетекшісі М. Ахмеджанов, дене шынықтыру пәні бірлестігі,ұжымы бірлесіп атқарды.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев, № 1 орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі К. Шакетова қатысушыларды мерекемен құттықтап,командаларға сәттілік тіледі. Мектептің жас әртістері жоғарғы дәрежеде патриоттық өлең орындап,әсем би билеп қатысушыларға жігер берді.
Бағдарламасына келсек:
1. Белтемірде тартылу (рет)
2. Еденде жатып,екі қолдың күшімен көтерілу (отжимание)(рет)
3. «Пресс» (рет)
4. Орнынан тұрып, ұзындыққа секіру
5. «Көбелек» Орнында тұрып, етпетінен жату, аяқты артқа лақтыру, тұра секіргенде қол аяқты ашып, жабу
Оқушылар нағыз әскери өмірге бейім екендіктерін көрсете білді.Осындай жарыс дәстүрлі болып,оқушыларымыз әскери тәртіптің не екенін біле бастады.Болашақта оларға артқан сенімдерімізді ақтайтындықтарын айқын білдірді, патриоттық сезімдерді оянды деп айтуға толық негіз бар.
Жеңімпаздар Аягөз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің мақтау қағаздарымен, медальдарымен марапатталды.