«Үздік педагог» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне арналған байқау

«Үздік педагог» атты дене  шынықтыру  пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне арналған байқау

2022 жылдың 27 сәуір  күні  «Көпбейінді қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ-де«Үздік педагог» атты дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне арналған байқау өткізілді.

Білім беру жүйесі педагогтарының кәсіби шеберліктерін анықтау мақсатында  өткізілген  байқауды Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі өткізді.

Байқауға барлық типті жалпы білім беретін мектептердің еңбек өтілі 5 жылдан кем емес педагог қызметкерлері (пән мұғалімдері) қатысты.

                                  

Сайыстың мақсаты мен міндеттері

 

Аудандық сайысы  мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру, білім берудегі инновацияларды дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында өткізіледі.

Сайыстың міндеттері:

  • педагогтардың өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне жағдай жасау;
  • дарынды педагогтарды айқындау және қолдау;
  • білім жүйесінде инновациялық педагогикалық тәжірибелерді айқындау және тарату;

 

Аудандық  сайыс төмендегідей  кезеңдерден  тұрды.

 

      І кезең. Сырттай іріктеу кезең төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

                             Пән бойынша бейнесабақ.

     ІІ кезең төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

    «Өзіндік презентация»-(7-10 минут)

     Пән бойынша тест 25 сұрақ (пән және әдістеме бойынша), 40 минут. Мұғалімнің пән бойынша теориялық білімі мен әдістемелік шеберлігі бағаланады.

         ІV.«Мұғалімдердің мұғалімі» шеберлік класы 15-20 минут

  Барлық  сайыс түрлерінен жақсы  дайындықпен келген  «Көпбейінді қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ-ң дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі Ш.Каджиакпарова І орын  иеленді. ІІ  орынды  «К.Бозтаев  атындағы жалпы  білімберетін  орта  мектебі»КММ-ң  дене  шынықтыру  пәні мұғалімі Б.Нуртілеу, ІІІ  орынды «Т.Есімжанов  атындағы орта  мектебінің дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі Н.Сейфоллин иеленді.  Барлық жүлдегерлер  Аягөз  ауданы  бойынша білім  бөлімінің  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.