
2022 жылдың 26 сәуір күні Аягоз ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік биология және химия мұғалімі» сайысының аудандық кезеңі «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өткізілді. Байқауға еңбек өтілі 5 жылдан кем емес педагог қызметкерлері қатысты. Сайыстың мақсаты : Аудандық сайысы мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру, білім берудегі инновацияларды дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында өткізіледі. Сайыстың міндеттері:
- педагогтардың өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне жағдай жасау;
- дарынды педагогтарды айқындау және қолдау;
- білім жүйесінде инновациялық педагогикалық тәжірибелерді айқындау және тарату;
Аудандық сайыс 2 кезеңнен тұрды. І кезең: Пән бойынша бейнесабақ (сырттай) ІІ кезең: 1. «Өзіндік презентация»-(7-10 минут) 2. Пән бойынша тест 25 сұрақ (пән және әдістеме бойынша), 40 минут. Мұғалімнің пән бойынша теориялық білімі мен әдістемелік шеберлігі бағаланады. 3.«Мұғалімдердің мұғалімі» шеберлік класы 15-20 минут
Сайыс қорытындысы: Биология пәні бойынша 1 орынды «№10 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ-нің билогия пәні мұғалімі Н.Қ.Жумадилова, 2 орынды «Қалалық қазақ мектеп-лицейі»КММ-сінің биология пәні мұғалімі М.А.Амантаева, 3 орынды «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-сінің биология пәні мұғалімі Р.Т.Шарипова иеленсе. Химия пәні бойынша 1 орынды «Қалалық қазақ мектеп-лицейі»КММ-сінің химия пәні мұғалімі Г.С.Жылыбаева, 2 орынды «№5 ЖОББМ» КММ-нің химия пәні мұғалімі А.З.Шарипбекова иеленді. Барлық жүлдегерлер Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.