Ж.Ә.Нұрсафин атындағы "Жасөспірімдер нашақорлыққа қарсы!" "Туған өлкем!" атты IХ Аудандық сурет байқауы

Ж.Ә.Нұрсафин атындағы "Жасөспірімдер нашақорлыққа қарсы!" "Туған өлкем!" атты  IХ Аудандық сурет байқауы

2022 жылдың 23 сәуір  күні "Рухани жаңғыру" аясында "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі Ж.Ә.Нұрсафин атындағы "Жасөспірімдер нашақорлыққа қарсы!" "Туған өлкем!" атты  IХ Аудандық сурет байқауы өтті.
Байқау мақсаты:
- жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
- Жасөспірімдердің рухани жан дүниесін бейнелеу өнері арқылы байыту;
Аягөз  ауданы  бойынша білім  бөлімінің  қолдауымен "Аягөз аудандық өнер мектебі " КМҚК-ң  бейнелеу өнері бөлімі өткізген іс-шара жоғарғы  дәрежеде  өткізілді.

Байқау нәтижесі:
Байқауға 21 оқушы қатысты.13 қала және 8 ауыл мектептерінен. Жас ерекшеліктеріне қарай 2 топта бағаланды.
"Жасөспірімдердің нашақорлыққа қарсы!" атты сурет байқауында Бас жүлдені "7 ЖОББМ"КММ-ң 9 сынып оқушысы Оразалинов  Әділ  иеленді.
"Туған өлкем!" сурет байқауынан Бас жүлдені "Мектеп жанындағы интернаты бар Ақши ЖОББМ"КММ-ң 5 сынып оқушысы Бекентурова Айзере иеленді.
Жүлделер  құтты болсын!!!