
2022 жылдың 23 сәуір күні "Рухани жаңғыру" аясында "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында еркін тақырыпта дәстүрлі "Қолөнер - сырлы өнер" атты ІV аудандық қолөнер байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты:
- Отан сүюге,қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге,құрметтеуге дағдыландыру;
- Оқушылардың рухани байлығының жоғарылауы,жан-жақты азамат болып қалыптасуына үлес қосу,олардың шығармашылық қабілетін,эстетикалық тағылымдарын,тума талант табиғи дарындарын анықтау;
Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің қолдауымен "Аягөз аудандық өнер мектебі " КМҚК-ң бейнелеу өнері бөлімі өткізген іс-шара жоғарғы дәрежеде өткізілді.
Байқау нәтижесі:
Байқауға 11 қала және ауыл мектептерінен 16 бала қатысып, 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды.Жас ерекшеліктеріне қарай 2 топта бағаланды.
●Бас жүлдені кіші топтан "Е.Рахмадиев ат. ЖОББМ"КММ 4 сынып оқушысы Мейрамтай Нұргелді иеленді.
●Жоғары топтан бас жүлдені "Шынқожа батыр ЖОББМ"КММ 6 сынып оқушысы Түгелханова Әйгерім иеленді.
Жүлделер құтты болсын!!!