Облыстық ХХХХI Сәуірлік көпкүндік жарысы

Облыстық ХХХХI Сәуірлік көпкүндік жарысы

2022 жылдың 16-24 сәуір аралығында облыстық  жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлаудан Шығыс  Қазақстан  облысының ХХХХI Сәуірлік көпкүндік ашық Чемпионаты өткізілді. Осы  жолы  ауданымыздың  намысын № 4 жалпы  білім  беретін  аралас  орта  мектебі»КММ- ң «Оңтүстік қалашығы» командасынан   4 оқушысы өнер көрсетті.
Жарыс 6 кезеңнен тұрды.
1 күні 4000 метрді құрайтын 14 бақылау пунктінен;
2 күні 3000 метрді құрайтын 12 бақылау пунктінен;
3 күні 5000 мын метрді құрайтын 16 бақылау пунктінен;
4 күні 2500 метрді құрайтын 8 бақылау пунктінен;
5 күні 5000 метрді құрайтын 14 бақылау пунктінен;
6 күні 3600 метрді құрайтын 11 бақылау пунктінен   өтті.

   Ауа- райы  қолайсыз  болғанына  қарамастан, жас  туристеріміз үздіктер қатарынан  көріне  білді.
1.Айдосов Әділ-  ІІ орын (14жас)
2.Абдулахатов Сұнқар - ІІІ  орын (10 жас)
3. Сүбебек Ерасыл -  ІІІ орын (14 жас) арасында иеленді.

Бағдат  Мухамет жүлделі  ІІІ  орынға бір  табан  жетпей,ІV орын алды. Осы  көрсеткіш  те үлкен жетістік.

  Ұстазы  М.Ардашев  болашақта  да облыстық, республикалық  жарыстарда биіктерден көрінеді деген  сенімдеміз! Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының медальдарымен,мақтау  қағаздарымен  марапатталды.
  «Құттықтаймыз,жас  туристер!!!