
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 18 сәуір- Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер сыр шертеді» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсияға мектеп жанындағы интернаты бар № 6 мектептің оұушылары мен жетекшілері А.Омарова, Н. Сағынбаева қатысты. 1984 жылдан бастап аталып келе жатқан бұл мерекеде мектеп оқушылары тарихи-мәдени орындарға саяхаттап, Құттыбай Нарынбайұлының ескерткішімен танысты. Киелі орындардың тарихын білу - әр азаматтың парызы. Қу дауысты Құттыбай би (1695-1770) Орта жүздегі Қаз дауысты Қазыбек бидің орынын басқан төбе биі болған. Арғы аталары Жанкөбек, Нарынбайлар өз заманыңда әйгілі билер болған. Абылай ханның тұсында 1760 жылы Қытай мемлекетіне, Пекинге Цинь император Цяньлунге қазақ елшілігін басқарып барған, «Мамырсу-Қандыжап» бітімін ұйымдастырушы. Жеті атасынан билік пен ақын-жыраулықтың қаракөгі үзілмеген бұл бақыт қазақ топырағындағы таңғажайып феномендердің бірі.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы