Жірдемақыға өтінішті қашан тапсыру керек?

Жірдемақыға өтінішті қашан тапсыру керек?

Балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті үстіміздегі айдың 20-на дейін тапсыру керек.
       Мысалы,  егер сіз сәуір айының 20-на дейін тапсырсаңыз  жәрдемақыны мамыр айында аласыз. Ал өтінішіңізді сәуір айының 20-нан кейін өткізсеңіз, әлеуметтік төлемдер мамыр айының бюджетіне бекітіліп үлгермейді,  сондықтан жәрдемақы қолыңызға маусым айында тиеді.
       Өтінішті:
- ХҚО арқылы;
- Egov.kz порталы арқылы;
- Kaspi.kz,  Halyk HomeBank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
        Толығырақ 1414 нөміріне хабарласып біле аласыз.