Аудандық «Аягөз аруы -2022» байқауы

Аудандық  «Аягөз аруы -2022» байқауы

2022 жылдың 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» махаббат күніне орай аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде «Аягөз аруы – 2022» байқауы өтті. Байқаудың  «Сәлем – сөздің атасы», «Бұрымды ,әрі білімді», « Өнерлі – өрге жүзер»  , «Бәрінен де сен сұлу» кезеңдері бойынша аруларымыз сайысқа түсті. Байқауға қала , ауыл мектептерінен қатысқан ару қыздарымыз өздерін білімділіктерімен қатар қазіргі заманауи талаптарға жан - жақты сай екендіктерін көрсете білді. Байқаудың қорытындысы бойынша: Бас жүлдені Мухаммат Наим Мунира №10 гимназия  женіп алды,1 орын

Нұрзатова Нұрай  Айғыз ауылы, 2 орын Қабдеш Жанель Тарбағатай ауылы

Сарсен Жанерке № 5 мектеп, 3 орын Амангелдинова Диана   қазақ лицейі  және   Аханова Алуа Бозай ауылы. Жеңімпаздар  дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.