Құрманғазы Жасұлан Құрманғазыұлын еске түсіруге арналған армрестлинггтен жасөспірімдер арасында облыстық турнир

Құрманғазы Жасұлан Құрманғазыұлын еске  түсіруге  арналған армрестлинггтен жасөспірімдер  арасында облыстық  турнир

2022 жылдың 7-9 сәуір аралығында Тарбағатай  ауданындағы Жетірарал ауылында Құрманғазы Жасұлан Құрманғазыұлын еске  түсіруге  арналған армрестлинггтен жасөспірімдер  арасында облыстық  турнир өтті. Турнирге Ж.Жабаев  атындағы орта  мектебінің  оқушылары  да  қатысып  қайтты. 65 кг салмақта Нурзатұлы  Дидар  І  орын  иеленсе, 55 кг  салмақта Муқантай  Азамат ІІІ  орын  иеленді.Оқушылардың  бойынан  күштілікке  деген  дарындылықты  тауып, облыс,Республика  деңгейіне  жеткізіп  жүрген  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі Н.Биғалиевтың  еңбегі  зор.  Болашақта  да  қол  күрескерлеріміз биіктерден  көрінеді  деген  сенімдеміз!