ҒАРЫШТЫ БАҒЫНДЫРҒАН БАТЫРЛАР

ҒАРЫШТЫ БАҒЫНДЫРҒАН БАТЫРЛАР

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 12 – сәуір Ғарышкерлер күніне орай, «Ғарышты бағындырған батырлар» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске №4 мектептің 6-сынып оқушылары мен тәрбие ісінің меңгерушісі М.Райымбеков, тарих пәні мұғалімі А.Саукманова қатысты. Алғаш ғарышқа ұшқан адам Ю.Гагарин, В.Терешкова және Қазақ ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев, А.Айымбетов жайында ғұмырнамалық деректер айтылды. Әлемдегі теңдесі жоқ «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Халықаралық ғарыш станциясы,  обсерваториялар жөнінде сөз қозғалып, күн жүйесі, ғаламшарлар, аспан денелері жайында сұрақ-жауап түрінде оқушыларға қызықты мәліметтер берілді.

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

 Аягөз қаласындағы филиалы