
8-9 сәуір аралығында аудандық білім бөлімінің қолдауымен С.Ғаббасов орта мектебінің ұйымдастыруымен 2007-2008 ж.т қыздар арасында ұлағатты ұстаз,спорт ардагері Т.Саматовтың атындағы дәстүрлі волейбол жарысы өтті.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Ө.Қудайбергенов,аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Аманов,ардагер ұстаз О.Дюсеғулов, білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев және той иесі Т.Саматов ақ тілектерін білдірді.Жарыстың төрешілері М.Туралыков пен Д.Закиров жарыстың жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысты,сөз кезегінде жарыстың өту тәртібімен таныстырып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Мектеп оқушылары әнмен,бимен көңіл көтеріп,көрермендерді тәнті етсе,ардагер ұстаз Төлеу Макетайқызы шашу шашты.Мектеп директоры Өсиет Бейсенұлы той иесіне шапан жапты.Мектеп оқушыларына демеушілер :Кенжешев Ертістің,Оспанов Канат Рысбекұлының,Жумаханов Жайық Амангелдіұлының,Сепбосынов Асхаттың,Абдильманапов Куаныштың, Жумаханов Алмастың,Ибрайшин Кайраттың,Аманов Жандостың көмегімен алынған спорттық киімдер, спорттық құрал-жабдықтар тапсырылды.
Түсіп Фазылұлы-үлкен шебер ұстаз болды,оқушылары еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етуде. Ол өз пәнімен қызықтыра білді, білімін жеткізе білді және оқушылар үшін нағыз тәлімгер болды.
Түсіп Фазылұлы еңбек жолдарында салауатты өмір салтын насихаттауда көп еңбек етті. Әр оқушының жеке басының адамгершілік қалыптасуына көп көңіл бөлді.Оқушылары талай спорттық додаларда жүлделі орындардан көріне білді.
Жарысқа келетін болсақ, төрешілер отырысында жеребе арқылы командалар 4 топқа бөлінді. Жарыс жоғарғы дәрежеде өтті. Командалар барларын салуға тырысып бақты.
Дегенмен, мықтылар анықталды. Ақтық ойындарға көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы, № 10 гимназия, № 1 орта мектебі және алаң иелері С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командалары шығып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыс қорытындысына келетін болсақ: І орынды көпбейінді қазақ мектеп гимназия командасы,ІІ орынды № 10 қазақ гимназиясы командасы,ІІІ орынды жарыс иелері С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы иеленді. Жарыстың "Үздік шабуылшысы" болып,мектеп-гимназия командасының ойыншысы Жандосқызы Айым,"Үздік доп үйлестіруші"- № 10 гимназия командасының ойыншысы Желдібаева Айжан,"Үздік шабуылшы" С .Ғаббасов атындағы орта мектебінің ойыншысы Утепова Жанерке және жарыстың "Ең үздік ойыншысы" болып, Байтұрсынова Асель танылды.
Барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеушілердің кубоктарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.