Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары

Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары

2022 жылғы 9 сәуірде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді күшейту, жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» базасында облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізді.

Жарысқа әскери-спорттық ойынның жалпы білім беретін іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған командалары 9-10 сынып оқушыларынан 130 оқушы қатысты.

Жарыс бағдарламасы келесідей болды:

- саптық байқау;

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге

арналған «Ұрпақтар ізімен...» сахналанған әндер байқау-сайысы;

- белтемірге тартылу;

- аркада жатып денені көтеру-жеке қатысу;

тарихи-іздестіру зерттеу жобасын қорғау; - «жауынгерлік парақ» (қабырға газеті)байқауы;

- «әскери техника - өз қолыңмен»

сәндік-қолданбалы өнер байқауы.

Ауданымыздың  намысын "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ-ң «Аягөз арландары» командасы  қорғап, жүлделі  ІІІ  орын  иеленді. Жекелей  сындарда да жас  сарбаздарымыз биіктерден  көріне  білді.

Ғылыми жоба бөлімі бойынша «Мәншүкті жерлеген жерлес ата ерлігі»

9 «А» сынып оқушысы Айбекова Аяулым І орын.

Жетекшісі: Жексенбаева Жансая

Тарихи мұра номинациясы бойынша «Бауырластар зиратынан Барқытбелге бір уыс топырақ» Мейіржанқызы Баян 9 «Ә» сынып оқушысы І орын.  

Жетекшісі:Манкибаева Мақпал

«Әскери техника -өз қолыңмен»сәнді бұйымдар өнер байқауынан ІІІ орын

9 «А» сынып оқушысы Айдарұлы Алишер

Жетекшісі: Кенжегалиева Арманай Нурлыбекқызы

«Жауынгерлік парақ» (қабырға газеті) байқауы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Даулетбеков Нұрдәулет І орын.Жетекшісі:Н.Нуржауов

Жүлдегерлерлерімізді  жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!