
2022 жылдың 5-7 сәуір аралығында аудандық білім мекемелерінде Ш. Уалиханов атындағы әскери колледжға түсуге үгіт – насихат жұмыстары жүгізілді. 10-11 сынып оқушыларымен үгіт – насихат жүргізген ІІІ сыныпты сержант Н.Қызыров,ІІІ сыныпты сержант Ғ.Көшелек,сержант Е.Жамиш.
Шучинск қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы Кадет Корпусына тусуге үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді.Арнайы оқу орны туралы слайд көрсетіліп, оқушылар қызығушылықпен көріп, тыңдады. Артында сұрақ – жауап ретінде қызу әңгімемен жалғасын тапты. Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының негізгі міндеті болып, ҚР ҚК сержанттық құрамының лауазымдарындағы әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеру үшін кіші командалық құрамдардағы кадрларды дайындау. Кадет корпусы – бастапқы әскери білім әскери-оқу орны, ол бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне сержанттық құрамының лауазымдарындағы әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеру үшін дайындайды. Кадет корпусын бітірген түлектер «Мотоұтқыр әскерлерінің командалық тактикасы» мамандығын «Автокөліктік және бронетанктік техниканы жөндеу бойынша слесарь» және «ЭЕМ операторы» квалификацияларын алып шығады, сонымен бірге «ЖҚМ 3 класс жүргізушісі - механигі» күәлігі мен «В»,«С» категориялы автокөлік жүргізуші күәлігін қоса алады. Оқушыларға қызық болғаны сонша , тиесілі уақыт жетпей жатты.Жиналыс бітісімен оқушылар ойларымен бөлісті.
Үгіттеушілер осы оқуды бітіргеннен кейін, бітіруші түлектер арнайы білімі туралы диплом алып, командалық сержанттар лауазымдарда жұмыс атқаратынын түсіндіріп, сонымен қатар кәсіби-психологиялық жарамдылығын, жалпы білімін, әскери және дене шынықтыру даярлығын, іскерлік және моральдік қасиеттерін, тәртібі мен денсаулық жағдайын есепке алумен шетелдік әскери оқу орындарына жіберілетінін түсіндірілді. Отанымызды қорғау - осы болашақ болашақ сержанттардың қолында!!!