
07.04. сәуір күні тірек мектептің жұмыс жоспары аясында «Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін орта мектебі» КММ –де «Жаңаша білімге- жаңаша көзқарас» атты аймақтық семинар өтті. Семинардың мақсаты- оқытудың жаңаша білім беру мазмұны негізінде оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және мұғалімнің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру.
Іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері С.С. Ахметова, А. Е. Амреева, А.К. Алдабергенова, М.Т. Коккозова және Кенқолат бастауыш мектеп, Шыңғожа, Ақшәулі мектептерінің ұстаздары келіп қатысты. Бұл семинарда бастауыш пән мұғалімі, педагог-зерттеуші А.К. Оразханова 2-сыныпта «Қоршаған ортаны танып білемін. Етістік» , тарих пән мұғалімі, жас маман А.Н. Қасыпбекова 7-сыныпта «ХIХ ғаыр мәдениетінің дамуы», ағылшын тілі пән мұғалімі, жас маман А.С. Нарынбаева 6-сыныпта «Theme of the Lesson: «Describing places.» сабақтарын, сынып жетекшілер педагог-зерттеуші-Н.А. Қалиева, педагог- модератор Г.Б.Ибраимова Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Дала қоңырауы - Ыбырай» атты сыныптан тыс жұмыс, оқу ісінің меңгерушісі, педагог-зерттеуші- Г.Н. Атыгаева «PIRLS , TIMS, PISA –халықаралық зерттеулер аясында оқудағы функционалдық сауаттылықты дамыту» атты коучинг, педагог-психолог, жас маман А.Е. Мусаханова «Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық қолдау көрсету» атты шеберлік сағатын өткізді.
Әрине, осындай семинарлар өткізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеялар насихатталатыны, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін артатыны сөзсіз. Білім бөлімі әдіскерлері және келіп қатысқан әріптестер семинарда берілген іс-шараларға өте жоғары деген баға беріп, іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдірді.