«Наурыз» мерекесіне арналған мектеп қызметкерлері арасындағы ой ойындары жарысы

«Наурыз» мерекесіне арналған мектеп қызметкерлері арасындағы ой ойындары жарысы

2022  жылдың  29  наурыз  күні  К. Бозтаев  атындағы қазақ  мектеп гимназиясында білім қызметкерлері  арасында командалық   ой  ойындары(шахмат, дойбы,  тоғызқұмалақ) жарысы   өткізілді. Әр  командадан 1 шахматшы,1 тоғызқұмалақшы,1 дойбышы өнер  көрсетті.

Мақсаты:

  - аудан көлемінде шахмат,тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын дамыту;

 -  ұстаздар арасында дене шынықтыру мен  спортты  кеңінен насихаттау;

  -  спортшылар арасында тәжірибе алмасу және  спорттық дәрежесін көтеру;

  -  дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.   

  -  Ұлттық  мерекені  ұлықтау;

 Аягөз  аудандық білім және ғылым  беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің  ұйымдастыруымен  өткізілген  жарысқа  ауданымыздың 9 орта  және  1 бастауыш мектептерінің командалары  қатысты. Атап  айтсақ, № 1, № 4 , № 5, № 6,қалалық  мектеп гимназиясы, № 10 гимназия, № 9 бастауыш  мектебі,қалалық  мектеп-лицей, К.  Бозтаев атындағы қазақ  мектеп  гимназиясы-1, К.  Бозтаев атындағы қазақ  мектеп  гимназиясы-2, О.  Менаяқұлы  атындағы  орта  мектебінің  командалары жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.Жарыс жоғарғы  дәрежеде  өткізілді. Төрешілер  үздік  командалар  мен  үздік  ойыншыларды  анықтады.

    Үздік  ойыншылар:

 -«Үздік шахматшы»-  Е.Абикенов (О.Менаяқұлы ат  ом);

 - «Үздік дойбышы» -М.Райымбеков (№ 4 ЖББараласОМ);

 -«Үздік  тоғызқұмалақшы»- Б.Семинарұлы(МЖЖББО№ 6М) ;

Шиеліністі  ойында командалық жарыс  қорытындысы  бойынша І  орынды  О.Менаяқұлы  атындағы  орта  мектебінің  командасы, ІІ  орынды № 4 орта  мектебінің командасы,  ІІІ  орынды «Мектеп  жанындағы  жалпы  білім  беретін орта № 6 мектебі» КММ –ң командасы  иеленіп, аудандық білім және ғылым  беру қызметкерлері комитетінің  кубогымен, медальдарымен,  бағалы  сыйлықтарымен,  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.