«Наурыз» мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасындағы баскетбол жарысы

«Наурыз» мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасындағы баскетбол жарысы

2022  жылдың 24 -25 наурыз аралығында Шығыс  Қазақстан  облысы  Аягөз  қаласының «№ 3 жалпы  білім  беретін  аралас  орта орта мектебі» КММ-ң және «№ 4 жалпы  білім  беретін  аралас  орта орта мектебі» КММ-ң спорт залдарында аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған баскетболдан жарыс өткізілді.

Жарыстың  мақсаты:

-  Аудан көлемінде  мұғалімдер  арасында  баскетболды  кеңінен насихаттау;

-  Ұстаздар  арасында тәжірибе алмасу және  спорттық дәрежесін көтеру;

-  Дене шынықтыру мен спорт арқылы  салауатты   өмір салтын насихаттау;    

    Жарысқа 10 команда қатысты.Олар: № 1 орта мектебі,Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебі,№ 3, № 4, № 5, № 6 орта мектептері, К. Бозтаев атындағы орта мектебі,мектеп – гимназия,мектеп – лицей,С. Ғаббасов атындағы орта мектебі командалары.Ауа-райының  қолайсыздығына  байланысты, ауылдық округтерден  мектептер командалары жарысқа  қатыса  алмады. Жеребе  арқылы  командалар 3 топқа  бөлінді.Жарыс  жоғарғы  дәрежеде  өтті. Ақтық ойындарға «№ 1 жалпы білім  беретін  орта  мектебі»КММ-ң, «№ 4 жалпы  білім  беретін  аралас  орта орта мектебі» КММ-ң, «Қалалық көпбейінді  қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ-ң  командалары  шығып, жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.

Ақтық  ойындарда жақсы  ойын көрсетіп, І орынды «№ 4 жалпы  білім  беретін  аралас  орта орта мектебі» КММ-ң командасы,ІІ орынды «№1 жалпы  білім  беретін  орта  мектебі» КММ-ң  командасы,ІІІ  орынды «Қалалық көпбейінді  қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ-ң  командасы иеленді.Жарыстың «Ең үздік  ойыншысы»  болып, «№ 4 жалпы  білім  беретін  аралас  орта орта мектебі» КММ-і командасының ойыншысы  А.Кананов, «Үздік қорғаушы»  болып, «Қалалық көпбейінді  қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ-і командасының  ойыншысы Б.Шумаков, «Үздік шабуылшы» болып, «№ 1 жалпы білім  беретін  орта  мектебі»КММ-і командасының ойыншысы А.Махатов танылды.

  Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубоктарымен,бағалы сыйлықтарымен, медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.