
2022 жылдың 5 наурызында аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті. Іс-шараның бағдарламасы ана тақырыбына, балалардың ата-анаға деген сүйіспеншілігі мен алғысы тақырыбына арналды. Тақырыптық би композициялары, аналар туралы, әр заманның қаһарман қыздары туралы әндер залдағы көрермендердің көңілінен шығып, қошеметіне бөленді. Мерекеге арналған аудандағы барлық ауылдық округтердегі мәдениет үйлері мен клубтарда мерекелік концерттер мен байқаулар өтті.