
2022 жылдың ақпан айында Аягөз ауданында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында 45-тен астам мәдени іс-шара өткізілді. Оның ішінде мерейтойларға арналған іс-шаралар, мысалы, әнші Қ.Байсейітованың 110 жылдығына орай Ақтоғай ауылында, Р.Бағланованың 100 жылдығына орай Ақши, Қосағаш, Мыңбұлақ, Ақшатау ауылдық клубтарында сазды кештер өтіп, кештерде ұлы әншінің репертуарындағы әндер орындалды, ақын М.Мақатаев туған күніне орай Айғыз, Ақтоғай, Мәдениет, Нарын, Ақши, Байқошқар, Емелтау, Қопа, Тарлаулы ауылдарында поэзия кештері өткізілді. 15 ақпан күні барлық ауылдық мәдениет ошақтарында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көптеген клубтарда жастардың дін өкілдерімен, әр түрлі қызықты мамандық иелерімен кездесулері өтті.