Облыстық «Азаматтық қорғаныс бойынша үздік бұрыш» байқауының аудандық кезеңі

Облыстық «Азаматтық қорғаныс бойынша  үздік бұрыш» байқауының аудандық кезеңі

2022 жылдың 28 ақпан  күні Аягөз ТБЖ және  аудандық білім бөлімдерінің ұйымдастыруларымен аудандық  білімі  бөлімінің мәжіліс  залында облыстық «Азаматтық қорғаныс бойынша үздік бұрышы» байқауының аудандық  кезеңі қашықтан өткізілді.

Байқау өткізудің мақсаты:

-Қолданыстағы құқықтық актілерге сәйкес әскери іс-қимылдарды жүргізу кезінде немесе осы іс-қимылдар салдарынан, табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар кезінде туындайтын қауіптерден қорғау тәсілдеріне жұмыс істемейтін халықты оқытуды ұйымдастыру және оның сапасы мәселелері бойынша АҚ және ТЖК жұмысының жай-күйін бағалау, оқу-материалдық базаның жай-күйі;

- Өзекті мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсету;

- Аудандық ең үздік АҚ және ТЖК анықтау және озық тәжірибені тарату.

-Үздік  жұмыстарды облыстық  кезеңге жіберу

Байқау талаптары:

- Бұрыштың өзіндік талапқа  сай жабдықталуы;

- ОБЖ-ның барлық бөлімдері бойынша көрнекі-әдістемелік материалдардың әртүрлілігі(плакаттар,модельдер,схемалар,жадынамалар және  т.б)

- Оқушыларға арналған көркем әдебиет

-Ата-аналарға  арналған ақпараттар

  Байқауға ауданымыздың 11 орта  мектебінің жұмыстары қатысып,«№ 5 жалпы  білім  беретін  орта  мектебі»КММ-ң, «Мектеп  жанындағы  жалпы  білім  беретін орта № 6 мектебі» КММ-ң және Қ.Қадыржанов  атындағы  жалпы  білім беретін  орта  мектеп»КММ- ң жұмыстары облыстық  кезеңге  жолдама алды.