
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Нұрға толсын көңіліңіз» атты танымдық сабақ өткізілді. Шараға № 10 қазақ мектеп-гимназиясының 6- сынып оқушылары мен мектеп тәлімгері Берік Серікұлы, тарих пәнінің мұғалімі Жайдарлы Мәулетқазықызы қатысты. Мақсаты: оқушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Шара соңында оқушылар ұстаздарына, сыныптас достарына, музей ұжымына жылы лебіз, алғыстарын білдіріп, керемет көңіл күй сыйлады.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы