
Семей қаласының мамандандырылған ХҚО-ның автодромында 23 ақпаннан бастап екі апта ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлады.
«Қазір автодромда магниттік датчиктер негізінде ескірген жүйе жұмыс істейді. Олар апаттық жағдайлар кезінде жиі істен шығады, сондай-ақ, ауа райы қолайсыз кезінде ақауларға тап боламыз. Жаңарту барысында біз магниттік датчиктерді жаңа GPS-жүйесіне ауыстырамыз, онда практикалық емтихан спутниктік сигнал арқылы өтеді», - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Руслан Кибке.
Жүргізу емтиханы автодромда машинаны басқарудан тұрады, онда бірқатар жаттығу маневрлер мен тапсырмаларды орындау қажет. Автодром бойында нәтижелерді «оқуға» арналған арнайы датчиктер орналасқан.
«Жүргізуші емтиханын қайта қабылдау туралы қосымша хабарланатын болады. Шұғыл түрде жүргізуші куәлігін алып, емтихан тапсыру қажет болса, клиенттер теория емтиханын Семейде, ал көлік жүргізу емтиханын Өскеменде тапсыра алады. Емтихан қабылдау Өскемен қ., Назарбаев 59 мекенжайында орналасқан», - деп толықтырды ведомстводан.