Халыққа еңбегі сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған білім қызметкерлері арасындағы ХІІІ –ші дәстүрлі волейбол жарысы

Халыққа еңбегі  сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне  арналған білім қызметкерлері  арасындағы ХІІІ –ші дәстүрлі  волейбол жарысы

2022  жылдың  17-18 ақпан аралығында аудандық  білім  бөлімінің жоспарына  сәйкес, № 4 орта  мектебінде білім қызметкерлері   арасында Халыққа еңбегі  сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне  арналған  волейболдан аудандық жарыс  өткізілді.     

     Ашылу  салтанатында  мектеп  директоры Қ. Тастанбеков,аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері С. Қыржыбаев ұстаздарға, қонақтарға салауатты  өмір  салтының маңызын  айта  келе, жарыстың  ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Он үшінші рет  өткізілген  жарысты № 4 орта  мектебінің директоры Қ.Тастанбеков бастаған ұжым үнемі  жоғарғы  дәрежеде өткізуде. Оқушылар  ән  айтып,жастар  биін  әдемі  орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.

   Жарыстың бас  төрешісі А.Кананов жарыстың  өту  барысымен  таныстырды. Жарысқа  16  команда  қатысатынын, ақтық  ойындарғы  шығу тәртібін түсіндіріп  кетті.

      Қала  мектептерінен №3 орта  мектебі, № 10 қазақ мектеп гимназиясы және № 7 орта  мектебінен  басқа барлық  мектептер  және  балалар – жасөспірімдер  спорт мектебінің, ауылдық  округтерден Шынқожа  батыр атындағы  орта  мектебі, Тарбағатай,Айғыз,Мынбұлақ,О.Менаяқұлы  атындағы  орта  мектебі,М.Абеулов  атындағы  орта  мектебі, С. Ғаббасов  атындағы  орта  мектептер  командалары  жарыс  жолына  шықты.

  Командалар  4  топқа жеребе  арқылы  бөлінді. Жартылай  ақтық  ойындарға   № 1 орта  мектебінің,О.Менаяқұлы  атындағы  орта  мектебінің,№ 4 орта  мектебінің, С.Ғаббасов атындағы  орта  мектебінің  командалары шығып, жүлдені сарапқа  салды. Ақтық  ойында № 1 орта  мектебі  командасы алаң  иелері № 4 орта  мектебі  командасынан басым  түсіп, І орынды  иеленсе, ІІІ  орынды О.Менаяқұлы  атындағы  орта  мектебінің  командасы иеленді.  

    Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер және үздік ойыншылар  Қазыбай  қаридың ұлдарының арнайы әкелген кубоктарымен,медальдарымен,бағалы  сыйлықтарымен ,аудандық  білім  бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.