Аудандық жасөспірімдер арасындағы командалық шахмат жарысы

Аудандық жасөспірімдер арасындағы командалық шахмат жарысы

2022 жылдың 5-6 ақпан аралығында аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, аудандық білім  бөлімінің ұйымдастыруларымен жасөспірімдер арасында аудандық  командалық шахмат жарысы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы» КММ-де өткізілді.Жарысты жоғарғы дәрежеде өткізуге төрешілер Ф.Усманов, Б.Семинарұлы, А.Мукаева ат  салысты.Қатысқан командаларға келетін болсақ: №1, №3, №4, №5, №6, № 9 бастауыш,мектеп гимназия-1,мектеп-гимназия-2,Ақши,мектеп-лицей,К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясы,Ш.Уалиханов атындағы орта  мектебі,Сарыарқа,С.Ғаббасов  атындағы  орта  мектептерінің  командалары  қатысты.

        Тартысты  ойындардың  нәтижесінде  І орынды  «Мектеп  жанындағы  интернаты  бар  жалпы  білім беретін  орта мектебі» КММ–ның командасы (Рымжанов Мирас, Нуржанұлы  Сырым, Нуржанқызы  Шырын) иеленсе, ІІ орынды «Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі» КММ-ның командасы (Амангелді Нурсултан, Кабдоллаева  Аружан, Смағулов  Ерасыл), ІІІ орынды «Қалалық көпбейінді қазақ  мектеп гимназиясы» КММ командасы (Сакенов Ануар, Нурбай  Ержан, Алімғазықызы Анар) иеленді.

Барлық жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен,медальдарымен,мақтау  қағаздарымен марапатталды.