
2022 жылдың қаңтар айында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 20-дан астам мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.Олар: Ақтоғай, Ақши, Мәдениет ауылдарындағы ауылдық клубтарда Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған онлайн сұхбаттар , Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай Айғыз, Ақтоғай, Ақшәулі, Қопа және Мәдениет ауылдық клубтарында онлайн концерттер мен танымдылық сағаттары өтті. Ақшатау, Байқошқар, Тарлаулы ауылдарында оқушылармен кездесу кештері, Баршатас ауылдық мәдениет үйінде онлайн концерттер өтіп, концерттік бағдарламада жерлестері Тоқтар Серіковтың әндері орындалды. Айғыз ауылының ауылдық клубында Қазыбек бидің 355 жылдығына орай жыр кеші өткізілді.