«Халық шығармашылығы көрмесі» номинациясы бойынша өткізілетін облыстық сайыстың аудандық іріктеу кезеңі

«Халық шығармашылығы көрмесі» номинациясы бойынша өткізілетін облыстық  сайыстың аудандық іріктеу  кезеңі

«Жас техниктер станциясы»КММ –де  «Халық шығармашылығы көрмесі»  номинациясы бойынша өткізілетін облыстық  сайыстың аудандық іріктеу  кезеңі өткізілді.  

Мақсаты : Қазақстан халқының тарихи мәдени мұрасын сақтап, өркендету,сан  ғасырға созылған салт-дәстүрлерді сақтап жеткізуші  ретінде қолөнершілер арқылы ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, еліміздің ұлт-ұлыстардың мәдени  мұрасына жастардың  қызығушылығын ояту, олардың  сәндік-қолданбалы өнерді дамытуға ат  салысуын ынталандыру болып  табылады.

     Сайысқа  әр  мектеп 2 экспонат(1 ұл,1 қыз бала жұмысы)   ұсынылды. Өз  қолымен  жасалған  бұйымдардың  шығармашылық сайысы:Табиғи  материалдардан  жасалған  бұйым (саздан,пластик,рельеф,горельеф, пласт, плакетка, медаль, жоңқа, тал шыбығы, ағаш  бұтағы,тамыры, шөп,қайың, жоңқа), «Ою» «Сурет  салу» (Ағаш, мата,шыны,металл бойынша),кесте,шілтер  тоқу, тоқыма, ленталармен  кестелеу, моншақ,(пано,картиналар),бисермен  өру және  т.б

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлер  аудандық  білім  бөлімінің мақтау  қағаздарымен  марапатталып, облыстық  кезеңге  жолдама алды.