
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобасы аясында
♦️ Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні «Аягөз - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ләззат Тұрсынқызы, Аягөз аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.С Досихановпен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ауданның барлық мемлекеттік басқару бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспары» негізінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша алдағы уақытта кездесу өткізу жоспарланды.
Аягөз ауданыны бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біріңғай номерін (1424 Call-орталығына) хабарлассаңыздар болады.
🔺Жемқорлықсыз қоғамға қадам- болашаққа нық қадам!