
« - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Молдашева Лаззат Тұрсынқызы, Аягөз аудандық ауруханасында болып медицина қызметі сапасына мониторинг жүргізді.
Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасындағы ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қол жетімділігін арттыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар.
Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасы облысымызда аудандық деңгейдегі ең ірі емдеу мекемелерінің бірі.
Ауруханада 132 дәрігер, 479 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет жасайды. Олар ауданымыздағы 72 мың адамға медициналық көмек көрсетеді.
Аягөз ауданындағы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің құрамына 15 дәрігерлік амбулатория, 16 - медициналық пункт, 3- фельдшерлік-акушерлік пункт, 1- Ауданаралық аурухана кіреді.
Бұлардың ішінде Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасынан басқасынан бәрі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Ауылдық елді мекендерінде 24 дәрігер, 145 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Медициналық көмектің сапасын, қол жетімділігін жақсарту мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
- Тіркеу бөлімінде кезек болдырмау мақсатында тіркеу бөлімінің 08:00 – ден 20:00 – ге дейін жұмыс істеуін қатаң қадағаланады.
- Жергілікті ақпарат құралдарында дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге дәрігер шақыру туралы хабарландыру жарияланды.
- «Е – GOV», DAMUMED порталына учаскелік терапевт, педиатр дәрігерлерімен бірге барлық бейім мамандардың жұмыс кестесі еңгізілді.
- Амбулатория жағдайында тегін дәрі – дәрмекті беру тәртібі туралы жергілікті ақпарат құралдарында мақала жарияланды.
- Тұрғындар арасында дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге шақыру тәртібі, тегін дәрі – дәрмектің берілу тәртібі, ауруханаға жатқызылу ережесі, міндетті әлеуметтік сақтандыру заңы, емдеу мекемесіне тіркелу тәртібі туралы ұдайы санитарлық үгіт – насихат жүргізіледі.
- Пациенттерді қолдау комиссиясын жұмысын нығайтып, пациенттердің өтінішін сол жерде, сол сәтте шешіп беру мүмкіндігіне қол жеткізілуде.
Жаз бойы құрамынды: хирург,акушер-гинеколог,жалпы практикалық дәрігер, стоматолог,дәрігер лаборант және орта буынды медицина қызметкерлерімен жасақталған жылжымалы медициналық кешен шалғайдағы 35 ауылдық елді –мекендерге барып 11997 тұрғынды тексеруден өткізді,2300 ден артық әртүрлі лабораториялық,рентгенологиялық,ЭКГ,УЗИ тексерулерін жасады.
Жылжымалы флюораграфиялық кешен ауылдық жерге барып 4643 тексеру өткізді.
Медициналық көмектің сапасын және қол жетімділігін арттырудың бірден - бір жолы ол емдеу мекемелердің материалдық – техникалық базасын нығайтып, дәрігерлерге сырқаттарды диагностикалауға, емдеуге жағдай жасау. Бұл ретте соңғы3, 4 жылда көптеген жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде жүрек – қан тамырлары жүйесінің аурулары елімізде адам өлімінің себептері арасында бірінші орынға шығып отыр.
Атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, адамзаттың «қатерлі үш бірлігі» деген атқа ие болған.
Жүректің ишемиялық ауруларын, ми-қан тамырларының ауруын дер кезінде диагностикалау- оған жедел медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалудың басты шарты.
Осыған байланысты, ауданымызда 2018 жылы орталық аурухананың базасында облыс әкімшілігінің тікелей көмегімен инсульт орталығы ашылды.
Инсульт орталығы қажетті медициналық құрал жабдықтармен оның ішінде компьютерлік томограф аппаратымен жабдықталған.
Бүгінгі күні Инсульт орталығында тек Аягөз ауданының тұрғындары ғана емес көрші Үржар, Жарма аудандарынан келген сырқаттар да емделіп, компьютерлік томографиялық тексеруден өтуде және компьютерлік томограф аппаратының короновирус инфекциясынан болатын өкпе қабынуын дер кезінде анықтауға зор көмегі тиюде. Ашылғаннан бері компьютерлік томография кабинетінде 8000 артық тексерулер жасалды.
Жаңа үлгідегі ашылған қабылдау бөлімі «Triage» жүйесі жұмыс жасауда.
2019 жылы перзентхана бөлімінде күрделі жұмыстар жүргізіліп, қажетті медициналық құрал жабдықтар алынғаннан кейін ІІІ деңгейдегі перинатальдық көмек көрсетіле бастады.
2020 жылы Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасына құны 421 млн тенге тұратын ангиографиялық диагностикалық аппарат орнатылып, II деңгейдегі кардиологиялық орталық ашылды. 2021жылы кардиологиялық орталықта жүрек,ми,аяқ қан тамырларына 505 ота жасалды,оның ішінде 270 науқастың жүрек қан-тамырларына стент қойылды.
Бұл жоғары технологиялық диагностикалық медициналық көмектің қол жетімділігің нақты іске асырылып отырғанынын дәлелі.
Аудандық ауруханада перинатальдық орталық, инсульт орталығын, II-ші деңгейдегі кардиологиялық орталық ашып, оларды соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықтау, КТ, ангиограф сияқты диагностикалық аппараттар орнатып, жүрек - қан тамырларына тері арқылы араласу кезкелген аудандық деңгейдегі ауруханаларда жоқ. Бұған қоса мамандарды шетелдерде оқыту қолға алынды. Соңғы 3 жылда 37 маман Ұлыбритания, Турция, Литва, Ресей сияқты мемлекеттерде білімдерін жетілдірді.
Осы жасалып жатқан жұмыстардың барлығы мемлекетіміздің, денсаулық сақтау саласының қолдауының нәтижесі.
Ауданымыздың медицина саласы жылдан жылға даму үстінде.Тұрғылықты халық дертіне дауа, еміне шипа тапқаны көз қуантады.