Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы спорттық туризмнен облыстық жарыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы спорттық туризмнен облыстық жарыс

Осы ереже Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы спорттық туризмнан облыстық жарысының (бұдан әрі - Жарыс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысушылар мен жеңімпаздарын анықтайды.

  1. Чемпионат қашықтық форматта өткізілді.
  2. Жарыстың мақсаты - балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету.
  3. Жарыстың міндеттері:

- Спорттық туризмді саласын дамыту және танымал ету;

- Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру;

- Оқушылардың туристік қабілеттерін арыттыру, қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыру;

- Республикалық спорттық іс-шараларға қатысу үшін мықты командалар мен спортшыларды анықтау;

- Балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға баулу;

- Өскелең ұрпақтың азаматтық сезімін, туристік мәдениетін қалыптастыру.

  1. Жарысты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» өткізді.

 Облыстық Жарыс 20-24 желтоқсан
2021 жыл, қашықтықтан өтті.

  1. Чемпионат бағдарламасына келетін болсақ:
  2. I. Визитка блогы

- «Өмірлік стиль – спорттық туризм» қабырға газеті конкурсы номинациясы

  1. Шығармашылық блок

- «Ел ырғағын сезін» туристтік би фестивалі номинациясы

III. Ақпараттық-аналитикалық блок

- «Шығыс Қазақстанда  жақын маңдағы ең жақсы белсенді (спорттық) демалыс орыны» жарнамалық видеороликтер конкурсы номинациясы.

  1. Спорттық блок

- «Кедергі жолағы» спорттық туризм техникасы номинациясы.

  1. Практикалық блок

«Спорттық туризм әлемі» тақырыбындағы спорттық туризмнен жарысты ұйымдастыру және өткізу номинациясы.

Аталған  жарыста ауданымыздың  намысын жетекшілері М.Ардашев, Е.Дюсенғажиев және А.Омарбекқызы дайындаған «Оңтүстік  қалашық  командасы қорғап, жақсы  өнер  көрсете  білді. 14 – 15 жас  ерекшеліктері бойынша  командамыз жүлделі ІІ орын алды. Құттықтаймыз!!!