Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ауылдық жерлерде тойлау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ауылдық жерлерде тойлау

2021 жылдың 14-16 желтоқсан күндерінде барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Ауылдардағы клубтарда Тәуелсіздік тақырыбына арналған салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, патриоттық әндер байқауы, байқаулар мен суреттер көрмелері өткізілді. Көркемөнерпаздар ұжымдары туған жер туралы ән шырқаса, би ұжымдары Тәуелсіздік күніне арналған хореографиялық композицияларын көрермендерге ұсынды. Ауыл әкімдері құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік концерттік бағдарламадағы әрбір  орындалған ән Отанға, туған жерге деген  сүйіспеншілікке арналды.